Қазақстандық домбырашылар Италияда бас жүлде алды
Қазақстандық инструменталды дуэт Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Open Italy-2023 беделді музыкалық байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» МКО солистері Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Италияның Песаро қаласына барып өнер көрсеткен.
Жыл сайын Песаро қаласында өтетін Open Italy-2023 шарасына 24 елден қатысушы жиналған. Олардың арасында қазақстандық дуэт үздік деп танылды.
Біздің дуэт «Адай», «Көроғлы», «Әлқисса» күйлерін, О.Сүлейменовтің West шығармасын орындап, қазылар алқасы мен көрермендерді баурап алды. Темірлан мен Ернатты жарқын жеңісімен құттықтаймын. Жігіттердің қазақ музыкасын орындай отырып, халықаралық деңгейде жетістікке жеткені қуантады. Олардың өнері басқа талантты отандастарымызды шабыттандыратынына сенімдімін, - деп құттықтады Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Telegram желісінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram