Жаңалықтар

Қазақстандық дәрігерлер Дубай шоколадының адам ағзасы үшін зиян екенін ескертті

Қазақстандық дәрігерлер Дубай шоколадының адам ағзасы үшін зиян екенін ескертті
Фото: istockphoto.com 27.10.2024 19:42 430

Ел арасында танымал болған өнім дубай шоколадының зиянды тұстары жетерлік, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.🔵

Бұл тәттіден асқазан-ішек жолдары бұзылады, калориясының салдары артық салмаққа әкеледі. Тәттінің құрамына майға қуырылған катаифи қамыры қосылғандықтан, адамның ұйқы безі бұзылады, өті қабынады. Токсиколог маман Михаил Кутушев Дубай шоколадын тұтынған қыз баланың денесі қышып, есінен танғаны туралы мәлімдеді. Елордалық нутрициолог мұны шоколад құрамындағы жаңғақ пастасының кері әсері деп отыр.

Бұл жерде аллергиялық өнім бұл фисташка пастасы. Адамдар мезгілдік аллергиямен ауыруы мүмкін, асқорыту жүйесі дұрыс жұмыс жасамайтындар болуы мүмкін. Олар фисташканы жемеу керек екенін білместен, сол Дубай шоколадын жесе, организм аллергиялық реакция білдіреді. Мысалы қышыну, бөртпелер пайда болуы мүмкін, егерде аллергия қатты қозса есінен танып, анафилактикалық шок болады, - деді диетолог-нутрициолог Салтанат Болатбекқызы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға