Жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz 01.09.2024 02:29 1345

Ресейдің Чита қаласында бокстан жастар арасындағы Еуразия кубогы турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл Қазақстан құрамасы үшін қазан айында Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі. Бірінші құраммен барған жастар командасы 13 үш жүлде еншіледі.

Атап айтар болсақ, 67 келіде Төрехан Сабырхан турнир жеңімпазы атанды. Ал 57 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы Жансері Көшербаев пен 80 келіде Мадияр Бексұлтанов финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

10 спортшы қола жүлдегер атанды: Бексұлтан Боранбек (51 кг) , Әділбек Қожахан (54 кг) , Әли Мұрат (54 кг), Бауыржан Мұратов (57 кг), Асылхан Көшербай (63,5 кг), Ахмет Үсен (63,5 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжарәли Бегалиев (75 кг),  Дамир Синеев (80 кг), Аслан Елдібайұлы (92 кг).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға