Қазақстандық боксшылар Бакудегі турнирге қатысады

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
19.03.2024 12:35
727
23 наурыз күні Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан халықаралық турнир өтеді. Бір аптаға созылатын бәсекеге Қазақстан боксшылары да қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, оннан астам елден 100-ден аса боксшы қатысатын турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Турнирге қатысатын Қазақстан боксшылары:
48 келі: Теміртас Жүсіпов
51 келі: Дамир Әбдіқадыр
54 келі: Тимур Қабешов
60 елі: Талғат Сырымбетов
63,5 келі: Серік Теміржанов
67 келі: Бақтияр Смағұлов
71 келі: Дархан Дүйсебай
75 келі: Тимур Нұрсейітов
86 келі: Бекзат Таңатар
92 келі: Сағындық Тоғамбай
92+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев
Жаттықтырушылар: Мырзағали Айтжанов, Марат Жақиев, Азамат Мақажанов, Нұржан Насанов.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Еліміздегі бірнеше қала ауылға айналуы мүмкін
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды