Қазақстандық боксшылар Бакудегі турнирде үш алтын жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
28.03.2024 23:09
919
Қазақстандық боксшылар Бакудегі (Әзербайжан) халықаралық турнирді үш алтынмен аяқтады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Финалда бес қазақстандық боксшы айқасып, оның үшеуі алтын медаль жеңіп алды.
Талғат Сырымбетов (60 келі) әзербайжандық Азрак Бабыровты, Дархан Дүйсебай (71 келі) өзбекстандық Бекзод Хамидовты, Сағындық Тоғамбай (92 келі) Олимпиада жүлдегері Альфонсо Домингесті жеңді.
48 келідегі Теміртас Жүсіпов Хасан Маликовтен (Әзербайжан), Тимур Қабдешов (54 келі) өзбекстандық Хожаназар Нортожиевтен жеңілді.
Бекзат Таңатардың (86 келі) еншісінде қола медаль бар.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
БҚО-да 400-ге жуық тұрғын эвакуацияланды
Келесі жаңалық
Қостанай облысы бірнеше көлік қар құрсауында қалды