Қазақстандық боксшы WBC рейтингінде көш бастады

Фото: instagram.com/meiirim.nursultanov
Фото: instagram.com/meiirim.nursultanov
11.03.2025 14:24
311
Бүкіләлемдік бокс кеңесі қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсететін орта салмақ рейтингін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл дивизионда WBC белбеуіне әлі де доминикандық Карлос Адамес иелік етеді.
Рейтингіде бұған дейін үшінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов көш басына шықты.
Мұның алдында Бүкіләлемдік бокс кеңесі Адаместі Нұрсұлтановпен жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғауға міндеттеген. Дегенмен айқас өтетін күн белгісіз.
Жерлесіміз соңғы рет шаршы алаңға 2023 жылғы Ташкентте шыққан. Сол кезде ол төрешілердің ортақ шешімімен чилилік Хулио Аламостан басым түскен.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда интернет-алаяқтардың екі кеңсесі анықталды
Келесі жаңалық
Атырауда жыл басынан бері 250 адам банкрот деп танылды