Қазақстандық боксшы Сергей Морозов UFC турнирінде жеңіске жетті
Спортшы ММА-дағы кәсіби мансабындағы 19 жеңісіне қол жеткізді
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz
18.12.2022 16:30
1497
Қазақстандық спортшы Сергей Морозов Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 216 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Морозов пен американдық Джорни Ньюсон арасындағы жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундтта өтті. Төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Сергей Морозов ММА-дағы кәсіби мансабындағы он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, ал Джорни Ньюсон төрт рет жеңіліске ұшырады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтті
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті