Қазақстандық боксшы қыз лицензиялық турнирді сәтті бастады

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
08.03.2024 17:30
934
Наталья Богданова (66 келі) бокстан Бусто-Арсициода өтіп жатқан лицензиялық жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ҰОК мәліметінше, қазақстандық боксшы бірінші айналымда аргентиналық Лорена Соледад Балбуэнді жеңді.
Кездесудің бірінші раундында төрешілер жеңісті қарсыласқа бергенімен, Богданова тез жиналып, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.
Ол екінші кездесуін ертең өткізеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Айя Шалқар жеке өміріне қатысты құпиясын бөлісті