Қазақстандық боксшы Олимпиаданы сәтті бастады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
28.07.2024 07:35
935
Париж Олимпиадасында бокстан алғашқы кездесулер басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
63,5 келі салмақта ел намысын қорғаған Мұхамедсабыр Базарбайұлы испан боксшысы Ойер Ибараче Кондомен жұдырықтасып, сенімді түрде жеңіске жетті.
Жекпе-жек толықтай Мұхамедсабырдың басымдығымен өтті. Алғашқы раундта бес төрешінің бәрі жеңісті қазақ боксшысына берсе, екінші раундта бесеудің төртеуі осы шешімін өзгертпеген. Ал шешуші үшінші раундта Базарбайұлы айқын жеңіп, төрешілер оған жеңісті бірауыздан берді, қорытынды есеп – 5:0.
Осылайша Мырзағали Айтжанов бастаған бокстан ұлттық құрама Олимпиада ойындарын сәтті бастады. Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші айналымда тайпэйлік боксшымен жұдырықтасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Димаш Құдайбергеннің ән байқауында айтқан сөзі дауға ұласты
Келесі жаңалық
Алматыда қоқыс алаңдарына видеобақылау камералары орнатылады