Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Әзербайжан өкілін өз елінде нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Әзербайжан өкілін өз елінде нокаутқа түсірді
Фото: instagram.com/nurim.d 26.12.2023 10:15 1559

Қазақстандық боксшы Дильшат Нұрым (7-1, 4 КО) 25 желтоқсанда Бакуде өткен (Әзербайжан) бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бірінші жартылай орта салмақта жергілікті Агаджан Даргаховпен (0-1-2) кездесті. Жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ екінші раундта Нұрымның техникалық нокаутымен аяқталды.

Дильшат Нұрым 2023 жылы рингке осымен екінші рет шықты, ол бұған дейін 16 маусымда Ташкентте (Өзбекстан) айқас өткізіп, онда Нұрым мансабында бірінші рет жеңілді – төрешілер бірауыздан жеңісті жергілікті боксшы Муджибилло Турсыновқа (4-0, 1 КО) берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Дилшат Нурым (@nurim.d)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға