Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды

Фото: Instagram/angelina_lukas1997
Фото: Instagram/angelina_lukas1997
07.10.2024 04:32
563
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкокта (Тайланд) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол әлем чемпионы атағы үшін аргентиналық спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) жұдырықтасты.
Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды. Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелген болатын.
Кездесу төрешілердің ұйғарымымен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.
Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Ангелина биыл WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерді жеңіп алған болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бразилия – футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионы
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді