Жаңалықтар

Қазақстандық бітімгерлер Мали Республикасынан елге оралды

Қазақстандық бітімгерлер Мали Республикасынан елге оралды
Фото: Қорғаныс министрлігі 31.10.2023 23:11 788

Қазақстан Қарулы күштерінің екі әскери қызметшісі БҰҰ-ның Малидегі тұрақтандыру жөніндегі көпсалалы кешенді миссиясының құрамында (МИНУСМА) бір жыл қызмет еткеннен кейін Отанына оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Африка Республикасында олар штаб офицерлері ретінде қызмет атқарды.

Миссия барысында біз ақпарат жинап, талдау жасадық. Оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша штабқа ұсыныстар дайындадық, жауапкершілік секторларында БҰҰ базаларының дайындығын тексердік, – деп атап өтті бітімгер Ермек Төлесов.

Қазақстанға келгеннен кейін подполковник Е.Төлесов Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында оқытушылық қызметін жалғастырады. Ол БҰҰ-ның басқа миссиялары үшін бітімгерлерді дайындаумен айналысып, өз тәжірибесін бөлісетін болады. Себебі, Ермек Төлеуов Малиден басқа, бірнеше жыл бұрын Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясында қызмет еткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға