Қазақстандық барлық оқушыға Алматыдағы музейлерге кіру тегін болады
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
23.01.2024 20:00
814
Алматыда Қазақстанның барлық оқушысы үшін музейге кіру тегін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 24 қаңтардан бастап мектеп оқушылары үшін Алматы музейлеріне кіру тегін болады. Бұл шешім білім беру процесін байытып, мәдениетке, өнерге және тарихқа деген қызығушылықты оятуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар балалардағы сыни ойлау қабілеті мен аналитикалық дағдыларды дамытуға септігін тигізеді.
Елдегі 3,9 млн мектеп оқушысы мен жасөспірімдер әртүрлі экспонаттарды, артефактілерді және өнер туындыларын көруі керек. Алматы әкімдігіне қарасты музейлерге оқушылар мереке күндері және оқу жылында бара алады.
Оқи отырыңыз:
- Мемлекет басшысы Ватикандағы музейге барды
- Собордан мешітке дейін: Ыстамбұлдың басты жауһары – Айя София
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға