Жаңалықтар

Қазақстандық БАҚ Орталық Азияның медиа нарығына шығады

Қазақстандық БАҚ Орталық Азияның медиа нарығына шығады
Фото: El.kz 20.12.2022 17:32 1562

Ортақ медиа платформада қазақстандық журналистер бес тілде ақпарат жариялайтын болады. БАҚ Қазақстанның саяси реформаларын жаһандық деңгейде насихаттау арқылы әлемге Жаңа Қазақстанды танытады. Бұл туралы ҚР Президентінің Телерадиокешені бас директорының орынбасары баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақпараттық контентті жаңа деңгейге көтеру мәселелері ортаға салынды. Дәстүрлі медиа мен әлеуметтік медины біріктіру арқылы «Жаңа медиа» құрылады.

«Медиа нарықта халықаралық әлеуетін жоғарылату үшін бірінші кезекте бірнеше тілде ақпарат тарату қажет. Қазір отандық бірнеше арна мен ақпараттық агенттіктер бес тілде ақпарат таратып жатыр. Алдағы уақытта барлық БАҚ жаңа контентке көшеді деп жоспарлануда. Мемлекетімізді әлемдік деңгейде танытатын – журналистер», - деді Тілеген Әбішев.

Жоспарға қойылған арнайы платформа хабар таратушы мамандардың бірлесе жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Азия елдерінің реформалары бір бағытта болуы билік өкілдерінің ғана емес азаматтық қоғамның да қатысумен жүзеге асуы қажеттігін атап өтті. Бұл бағытта агенттіктер бес тілде жаңалық таратуға көшуі қажет.

«Жаһандық ақпараттық алаңда кең ауқымды бағдарламар қолға алынып жатыр. Түбі бір түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын біріктіруде ойластырылып жатқан жобалар өте көп. Алдағы уақытта олардың әрбірі өз нәтижесін береді. БАҚ-та контентті жаңарту мен қатар технологиялық өзгерістерге ұшырату арқылы әлемдік деңгейдегі баспасөз өкілдермен тәжірибе алмаса аламыз» - деді «Мир» МТРК төрағасының орынбасары Екатерина Абрамова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға