Қазақстандық банктер енді елден рубльді экспорттай алады
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
22.05.2023 19:15
854
Бұдан былай қазақстандық банктер елден ресейлік рубльді экспорттай алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы дайындалды.
Елдегі екінші деңгейлі банктерге Қазақстан Республикасынан қолма-қол ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін, - делінген құжатта.
Құжат екінші деңгейлі банктердің қолма-қол ресей рублін елден шығаруды, оларды қолма-қол ақшасыз нысанға айырбастау және шетел банктеріндегі корреспонденттік шоттарын толықтыруды мақсат тұтып отыр.
Жарлық 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда бокстан халықаралық турнир басталды