Қазақстандық балуандар Қырғызстанда алты медаль иеленді
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен күрестен рейтингтік турнирде қазақстандық балуандар топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар 1 күміс, 5 қола медальды жеңіп алған.
Рейтингтік турнир қырғызстандық белгілі спортшылар Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаевтың құрметіне өткізілген.
Сайыс барысында ел құрамасынан Сырбаз Талғат (70 келі) финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовке есе жіберді. Есеп – 2:3.
Ал, Мейрамбек Қартбай (57 келі), Жігер Закиров (79 келі), Азамат Дəулетбеков (86 келі) қола жүлдеге қол созды.
Сондай-ақ, бұдан бұрын еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Азов үздік үштікті түйіндеді.
Еске салсақ, әйелдер күресінен Марина Седнева (55 келі) мен Жәмила Бақбергенова (72 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Ал, Ирина Казюлина (65 келі) күміс медальды иеленді.