Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 2 медаль жеңіп алды
Александрияда күрес түлерінен «Ибрахим Мұстафа» рейтингтік турнирі өтуде
Фото: @drs_kz/
Фото: @drs_kz/
26.02.2023 15:05
1199
Қазақ балуандары халықаралық турнирде тағы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
⠀
Александрияда (Египет) күрес түлерінен «Ибрахим Мұстафа» рейтингтік турнирі жалғасуда.
⠀
Бір күн бұрын Қазақстан құрамасының қоржынына 2 медаль қосылды.
⠀
Әйелдер күресінен Марина Седнева (55 келі) қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін белдесуде ол Үндістаннан келген қарсыласын жеңді.
Юсуп Батырзаев (125 келі) еркін күрестен қола жүлдегер атанды. Ол 3-орынға белдесуде АҚШ-тан келген қарсыласын жеңді.
⠀
Бүгін турнирде «еркін күрес шеберлері» 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92 салмақтарында үздіктерді анықтайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бағдат Мусин ұлының хоббиі туралы айтты
Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді