Жаңалықтар

Қазақстандық балуан Олимпиаданың ширек финалына өтті

Қазақстандық балуан Олимпиаданың ширек финалына өтті
Фото: ҚР ҰОК 06.08.2024 15:06 678

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық балуан 77 келі салмақта белдесіп, бірінші айналымда колумбиялық Алексис Муньестен басым түсті.

Есеп - 8:0.

Енді Жадыраев Олимпиаданың ширек финалында айқасады. Демеудің ендігі қарсыласы - қырғызстандық Ақжол Махмұдов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға