Қазақстандық балуан әлем чемпионатында топ жарды

Фото: instagram.com/amangali1096
Фото: instagram.com/amangali1096
02.12.2023 14:37
1085
Қазақстандық Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен әскерилер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
55 келіде бақ сынайтын жерлесіміз әскерилер арасындағы әлем біріншілігінің финалында ирандық қарсыласын жеңді.
Бекболатов – бұл әлем чемпионатында топ жарған үшінші қазақстандық. Бұған дейінгі жылдары грек-рим күресінің шебері Бағлан Жақанша (2013, 60 кг) мен еркін күрес балуаны Ғалымжан Өсербаев (2014, 74 кг) үздік шыққан.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
Келесі жаңалық
Таразда пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт болды