Қазақстандық ауыр атлет жастар арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
24.09.2024 10:48
617
19 қыркүйекте Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков 81 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.
Қызылорда спортының түлегі қоссайыс қорытындысы бойынша 344 келіні (154+190) бағындырды.
Айта кетелік, бұған дейін Ерасыл 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Су тасқыны кезеңінде су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жиналды
Келесі жаңалық
Астанада белсенді өмір сүру орталығы ашылды