Жаңалықтар

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында топ жарды
Фото: IWF 02.05.2025 12:57 220

Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.

Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды — 261 келі (108+153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады — 252 келі (113+139).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға