Жаңалықтар

Қазақстандық әуе компания шетелдік инвесторға сатылды

Қазақстандық әуе компания шетелдік инвесторға сатылды
Фото: Самұрық-Қазына 01.01.2025 10:32 8004

Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы шетелдік инвесторға сатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Cамұрық-Қазынаның мәліметінше, компанияны сатып алу 81 млн АҚШ доллары болған.

2024 жылғы 24 желтоқсанда «QAZAQ AIR» АҚ-ны 2023 жылдың соңында 81 миллиард АҚШ доллары тұратын Қазақстанның «Самұрық-Қазына» АҚ ұлттық әл-ауқат қоры (Қор) және «Central Asia Aviation Holdings Limited» ЖК (Sovico Group JSC вьетнамдық конгломераты тобына кіреді) және «Kazasia Holdings Limited» ЖК құрамындағы консорциум арасында бәсекелес ортаға беру шеңберінде міндетті транзакциялық құжаттар пакетіне, оның ішінде сатып алу-сату шартына қол қойылды. Аталған шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысын іске асыру шеңберінде және Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2024 жылғы 20 желтоқсандағы және Қордың Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы шешімдеріне толық сәйкес жүзеге асырылды. Сатып алу-сату шарты 2024 жылғы 27 желтоқсанда «QAZAQ AIR» акционерлік қоғамының акцияларын бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» № 1130 Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке қаулысы қабылданғаннан кейін заңды күшіне енді, - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше мәміле жабық болып есептеліп, қос тарап келіскен барлық алдын-ала шарттар орындалғаннан кейін акциялар инвесторлардың меншігіне өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға