Қазақстандық атлет үздік 200 жас теннисшінің қатарына қосылды
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кішілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР теннис федерациясына сілтеме жасап.
Ирандағы қос бірдей жарыста чемпион атанған отандасымыз Даниал Рахматуллаев 284-тен бірден 189-орынға көтерілді.
Сөйтіп ол әлемдегі үздік 200 жасөспірім теннисшінің қатарына енді.
Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындап қалды, қазір ол 150-сатыда тұр. Сондай-ақ Максим Батютенко – 176, Виталий Зацепин – 235, Әмір Омарханов – 265, Ілияс Маратұлы – 273, Данир Қалдыбеков – 391, Жақас Қозыбақ 442-орынға жайғасты. Заңғар Нұрланұлы 637-ден 537-ге жоғарылады.
Жасөспірім қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова – 141, Сандуғаш Кенжебаева – 156, Дана Байдәулет – 176, Айя Нұпбай – 193, Ульяна Романова – 403, Полина Слепцова – 447, Іңкәр Дүйсебай – 477, Дильназ Машабаева 498-орынға жайғасқан.