Жаңалықтар

Қазақстандық атлет ескек есуден әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық атлет ескек есуден әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Фото: Ашық дереккөзден 08.07.2023 17:50 2012

Қазақстандық ескекші Мария Бровкова Италияның Ауронзо қаласында байдарка мен каноэдан жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батысқазақстандық атлеттің жеке бапкері Елена Бровкова шәкіртінің 18 жасқа дейінгілер арасында бүгін бір адамдық каноэда 500 метр қашықтықта мәре сызығын екінші болып қиғанын мәлімдеді. Қазақстандық ескек есуші аталған сында мажарстандық Агнес Кисті ғана алға шығарған. 

Қызым бүгін бір адамдық каноэда 200 метр қашықтықта өнер көрсетеді. Ертең 5000 метрлік жарыста сынға түседі, - деді Е. Бровкова ҚазАқпаратқа берген пікірінде. 

Мария Бровковабылтыр жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында да алтын және күміс жүлдені жеңіп алған еді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға