Жаңалықтар

Қазақстандық әскерилер Үндістандағы аэроғарыштық көрмеге қатысты

Қазақстандық әскерилер Үндістандағы аэроғарыштық көрмеге қатысты
Фото: Қорғаныс министрлігі 17.02.2025 22:10 351

Қорғаныс министрлігінің делегациясы  Aero India 2025 XV халықаралық аэроғарыш көрмесінде әлемдік өндірушілердің ұсыныстарымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Делегацияны Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Руслан Қоңыровтың бастап барды.

Іс-шара Бангалор қаласындағы Елаханка әскери-әуе базасының аумағында өтті. Қазақстандық делегация мүшелері Үндістан Әскери-әуе күштері бас қолбасшысының орынбасары, авиация генерал-майоры Суджит Дхаркармен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар авиация саласындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың аспектілерін талқылады.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Aero India халықаралық аэроғарыш көрмесі 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жолы оған үндінің және шетелдің 150-ден аса компаниясы қатысты. Әлемдік өнеркәсіптік компаниялар онда авиациялық техниканың, қорғаныс инженериясының, инфрақұрылымдық құрылыстардың және әуежайларға арналған техникалық құралдардың үлгілерін таныстырды.

Көрмеге қатысушылар мен келушілер үшін тақырыптық семинарлар, конференциялар, техникалық сессиялар және әуе кемелерінің көрсетілім ұшулары ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға