Жаңалықтар

Қазақстандық ару АҚШ-тағы үздік университеттің ассистент-профессоры атанды

Қазақстандық ару АҚШ-тағы үздік университеттің ассистент-профессоры атанды
Фото: nu.edu.kz 27.05.2024 14:43 1180

2024 жылғы тамыз айында қазақстандық ғалым Айсұлу Айтбекова Химиялық машина жасау кафедрасында жұмысын бастайды. Бұл туралы Nazarbayev University ресми сайтына сілтеме жасай отырып, El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Аталған оқу орны ең сенімді Times Higher Education рейтингі бойынша әлемде – 24-орында.

Бүгінде Айсулу Калифорния технологиялық институты Кавли атындағы наноғылым институтының ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді. Ол 2015 жылы NU-да Химиялық инженерия бакалавры дәрежесін алып, 2016 жылы Массачусетс технологиялық институтында Химиялық инженерия саласындағы магистр атанды. Одан кейін 2021 жылы Стэнфорд университетінде Химиялық технология докторы дәрежесін алды.

Ғалым экологиялық таза отын мен химиялық заттарды өндіру үшін күн энергиясын пайдаланатын процестерді әзірлеуде.

Күн сәулесінің мөлшері шексіз әрі тегін. Ол дәстүрлі тәсілдермен қолжетімсіз жолдарды ашады»,- дейді ол.

Қазіргі химия өнеркәсібі қазбалы отындарды шикізат ретінде пайдалануға негізделген. Қазақстандық ғалымның зерттеу жұмыстары салаға қайта өңделген пластик, ауадан немесе мұхит суынан алуға болатын көмірқышқыл газы және биомасса сияқты тұрақты шикізатқа көшуге көмектеседі. Ол химиялық түрлендірулер үшін күн сәулесін пайдаланатын тұрақты процестерді дамытады.

Күн сәулесін пайдаланудың көптеген жолы бар. Мәселен, макродеңгейде күн энергиясымен жұмыс істейтін реактор жылу немесе электр энергиясын өндіру үшін күн сәулесін пайдалана алады. Реактордың ішінде жаңа каталитикалық материалдар микро және наномасштабта күн энергиясынан туындаған химиялық конверсия процестерін жеңілдетуге қабілетті болады.

Қазіргіден мүлдем өзгеше жаңа процесті дамытқымыз келсе, бізге әртүрлі масштабтағы инновациялар қажет,-дейді ғалым.

Оның тәжірибесі нанодеңгейдегі материалдарды әзірлеуден бастап, осы материалдардың айналасындағы қоршаған ортаны бақылауға және макродеңгейдегі процестерді дамытуға дейін қамтиды.

Қазақстандықтың осындай ауқымдағы зерттеу жолы ол Қазақстаннан АҚШ-қа жазғы тағылымдамаға барған кезде басталған. Тәлімгері оны аспирантураға өтуге қанаттандырған екен. Өзі алған ұсыныс қағаздарын ақтау мақсатында ғалым түрлі әлеуметтік топтардан шыққан студенттер үшін аспирантураға көпір болуға ұмтылады. Ғылыми қызметкер ретінде ол бакалавриат студенттеріне аспирантураға түсуге көмектесетін Caltech Accountability Partners бағдарламасын құруда шешуші рөл атқарды. Айсұлу Айтбекова алдағы уақытта ғылымдағы жолын Карнеги Меллон университетінде жалғастырмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға