Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері тоқал алды

Фото: offside.kz
Фото: offside.kz
21.01.2024 14:05
7780
Қазақстандық аралас жекпе-жек спортының шебері (ММА) Мұратбек Қасымбай екінші әйел алды, деп хабарлайды offside.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жаңалығымен спортшының өзі Instagram парақшасында бөлісіп, тіпті фото жүктеген. Тек ондағы суретте әйелінің түрін жасырып қойған.
«Сүйінші! Тоқал алдым» деп жазды жекпе-жек шебері.
Екінші әйел алу стратегиясы ММА әлемінде жаңалық емес. 2021 жылы Жалғас Жұмағұлов та екі жұбайы бар екенін мәлімдеген еді.
Еске салсақ, Мұратбек Қасымбай өзінің соңғы жекпе-жегінде "Наше Дело" лигасының Гран-при иегері, тәжірибелі Александр Грозиннен төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Төреғали Төреәлі тоқал алуға қатысты соңғы шешімін айтты
- "Бай болсаң, тоқалың болайын". Елімізде екінші әйел болуға құмар қыздар көбейген
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Республикалық маңызы бар жолдардың 10 учаскесінде жол жабылды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды