Қазақстандық Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалды

Фото: facebook.com/Zhaslan Madiyev
Фото: facebook.com/Zhaslan Madiyev
16.01.2025 12:58
454
Әлемдегі ең танымал компаниялардың бірі Apple-де енді қазақстандық Әділхан Қопанов жетекшілік қызмет атқарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қопанов Орталық Азия мен Армения аймағына жауапты болмақ. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Жаслан Мәдиев Facebook-тегі парақшасында жазды.
Біздің отандасымыз Әділхан Қопанов Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалғанын хабарлауға қуаныштымын. Енді Әділхан Орталық Азия және Армения аймағын қадағалайтын болады. Бұл жаңа кезең оған көптеген жетістіктер мен кәсіби өсу әкелсін, - деп жазды министр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Павлодарда есірткі жасырған жастар камераға түсіп қалған
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті