Жаңалықтар

Қазақстандық әншілер 8 наурызбен ерекше құттықтады

Қазақстандық әншілер 8 наурызбен ерекше құттықтады
Фото: Видеодан кадр 08.03.2025 16:29 414

Қазақстандық өнерпаздар Sadraddin, Ренат Гайсин және «Gaissin Orchestra» аналадың құрметіне ерекше құттықтау жолдады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шығарылымда талантты әртістер Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше музыкалық сый дайындап, М.Омаров пен Қ.Жұмағалиевтың "Анашым" атты аңызға айналған әнін жылулықпен, шынайылықпен және әйелдерге деген зор құрметпен жеткізді.

Осы коллаборация танымал әуенге жаңа реңк беріп, әр нәзік жандыға деген шексіз ризашылықтың, сүйіспеншілік және құрметтің көрінісін байқатты.

Yeski Taspa командасы баршаны осы тамаша мерекемен құттықтай отырып, көптеген бақытты сәттер, махаббат, үйлесімділік және жарқын эмоциялар тілейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға