Жаңалықтар

Қазақстандық 4 дзюдошы қола жүлде үшін сынға түседі

Қазақстандық 4 дзюдошы қола жүлде үшін сынға түседі
Фото: ҚР дзюдо федерациясы 18.06.2023 15:54 996

Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының 4 спортшысы қола жүлде үшін күреседі,  деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі

Теміртаулық Ислам Бозбаев 100 келіге дейінгі салмақта ширек финалда бельгиялық Тома Никифоровқа жол беріп, енді қола жүлде үшін татамиге шығады.

-100 келіде 22 жастағы дзюдошы Бекарыс Сәдуақас жартылай финалда БАӘ спортшысы Джафар Костоевқа есе жіберді. Енді қос қазақстандық дзюдо шеберлері өзара мықтыны анықтайды. 

Аса ауыр салмақта Ғалымжан Қырықбай 100 келіден астам салмақта қола жүлде үшін грузиялық Саба Инанейшвилимен шеберлік байқасады. 

+78 келіде Ақерке Рамазанова Нидерланд спортшысы Карен Стивенсонмен күресіп, қола жүлденің болашақ иесін анықтамақ. 

Бұған дейін Қазақстан құрамасының балуандары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде иеленген еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға