Қазақстандық 19 жасар футболшы еуропалық клуб ойыншысы атанды

Беларустық «Ислочь» клубы қазақстандық 19 жасар жартылай қорғаушы Мирас Көбеевпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazfootball.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Мирас Көбеев алматылық «Қайрат» клубының түлегі. «Қайрат-Жастар» командасының вице-капитаны болған. Қазақстан бірінші лигасында ол барлығы 40 матч өткізіп, «гол+пас» жүйесі бойынша 2+4 нәтиже көрсеткен.
2021 жылдың күзінде ол УЕФА жастар лигасына қатысты. Сондай-ақ 19 жастағы жартылай қорғаушының Қазақстан кубогында «Қайрат» сапында 3 кездесу өткізіп, 1 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасында 2 ойын өткізген.
Айта кетейік, Мирас Көбеев өткен жылдың тамыз айынан бері клубсыз жүрген және еркін агент ретінде «Ислочпен» келісімшартқа отырған.
Оқи отырыңыз:
- «Реал Мадрид» «Барселонаны» басты қарсылас деп есептемейді – Флорентино Перес
- Футбол әлеміндегі 30 жастан асқан қымбат ойыншылар тізімі
