Жаңалықтар

Қазақстандағы ұялы байланыс сапасы әлі де нашар - депутат

Қазақстандағы ұялы байланыс сапасы әлі де нашар - депутат
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 14.06.2023 13:12 732

Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков еліміздегі ұялы байланыс сапасы мен монополист компаниялар туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат ұялы байланыс қызметтері нарығын монополиясыздандыру мәселелері бүгінгі күні өз шешімін таппағанын атап өтті.

Қазақстандағы ұялы байланыс сапасы әлі де нашар. Бүгінгі таңда ұялы байланыс нарығы жоғары шоғырланған болып табылады, онда тек 2 нарық субъектісі-Кселл/Altel/Tele2 сауда белгілерімен "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобы және "Beeline" сауда белгісімен "Кар-Тел"ЖШС бар. Ұялы байланыс абоненттерінің саны 25 млн бірлікті құрайды, оның ішінде әртүрлі деректер бойынша Beeline үлесі небәрі 39% -. құрайды. Бұл жағдайда қандай бәсекелестік туралы айтуға болады, "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобы үстем жағдайға ие, - дейді депутат Тілектес Адамбеков.

Радиожиілік спектрінің ұлттық ресурсының шектелуіне байланысты нарықта жаңа ұялы байланыс операторының пайда болуы күтілмейді, бұл нарықтағы бәсекелестіктің дамуын тежейді, сондықтан ұялы байланыс нарығын монополиясыздандырусыз бұл мәселені шешу мүмкін емес.

Мұндай үстемдік компанияларға жұмыстарды таңдаулы түрде қабылдауға, "соңғы мильді" елемеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көпжылдық монополия шағын операторлардың дамуына жол бермеді, - деді мәжілісмен.

Сөз соңында Тілектес Адамбеков мына ұсыныстарды негізге алу керегін атап өтті:

- шағын байланыс операторларының пулын дамытуды ынталандыру жөніндегі жұмысты жандандыру;

- бірлесіп пайдаланылатын инфрақұрылымға жауапты мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қою;

- жергілікті атқарушы органдардың байланыс инфрақұрылымын құруға және шағын операторлармен жұмыс істеуге тартылуын күшейту;

- нарықта жұмыс істеп тұрған ірі компаниялармен аффилиирленбеген қосымша байланыс операторының пайда болуы үшін жағдайлар жасау.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға