Жаңалықтар

Қазақстандағы ТОП-5 курорттық өңір

Қазақстандағы ТОП-5 курорттық өңір
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi 24.02.2025 17:34 102

Туризм және спорт министрлігі Қазақстандағы ТОП-5 курорттық өңірдің тізімін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның курорттық өңірлеріне 3,4 миллион турист келді. Қонақ үйлер мен орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 129 миллиард теңгеге жетті.

Назарларыңызға туристер арасында ең танымал бес демалыс өңірін ұсынамыз:

5-орын: Балқаш курорттық өңірі

Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс өңірі былтыр 9 айда 120 948 турист қабылдаған.

4-орын: Алакөл курорттық өңірі

Алакөл көлінің Абай облысындағы аумағына 125 621, Жетісу облысындағы бөлігіне 113 059 турист барған. Осылайша, бұл өңір еліміздің басты табиғи інжу-маржаны екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

3-орын: Щучье-Бурабай курорттық өңірі

Орманы, көлдері және курорттық кешендерімен әйгілі бұл өңір 275 295 саяхатшыны қабылдаған.

2-орын: Маңғыстау курорттық өңірі

Маңғыстаудың көрікті пейзаждары мен Каспий теңізінің жағалауында 325 013 турист демалған.

1-орын: Алматы тау кластері

Еліміздің ең тартымды курорттық өңірлер рейтингінде Алматы тау кластері көш бастап тұр. Өңірге 1 996 801 турист сапарлаған. Әсем тау пейзаждары мен таза ауасы өңірді белсенді және табиғат аясындағы демалысты ұнататындар үшін нағыз тартымды орынға айналдырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға