Жаңалықтар

Қазақстандағы пітір садақаның биылғы мөлшері белгілі болды

Қазақстандағы пітір садақаның биылғы мөлшері белгілі болды
Фото: El.kz 18.02.2025 15:45 12494

2025 жылы Қазақстанда пітір садақаның мөлшері екі келі ұнның орташа бағасына теңге, яғни, 655 теңге болып бекіді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады, - деп жазады баспасөз қызметі.

Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға