Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қандай

Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
14.11.2024 13:34
459
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 730 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 122 теңге, базалық зейнетақы – 42 608 теңге, - делінген хабарламада.
Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 3 триллион 118,2 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 982,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 136 миллиард теңге қарастырылған.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 421 мың адам.
Бөлісу:
