Қазақстандағы криптовалюта саудасы. Маңызды сұрақтарға жауап
Криптовалюта нарығы қаржы әлемінде жаңа инвестициялық құрал ретінде өз орнын алып үлгерді, Қазақстан да бұдан тыс қалмады. Қазіргі уақытта криптобиржалардың жұмысы және ҚР резиденттері үшін цифрлық активтердің саудасы «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында рұқсат етілген. Қазақстан Республикасының резиденттері үшін қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, сондай-ақ АХҚО-дан тыс жерлерде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне тыйым салынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты, Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғалары құқықтық тәуекелдерсіз инвестициялау үшін криптовалюталармен мәмілелер жасаудың белгілі бір ерекшеліктерін түсінуі керек.
Қазақстанда криптовалюта сауда-саттығы заңды ма?
ҚР резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар криптовалюталармен сауда жасай алады, бірақ тек «Астана» халықаралық қаржы орталығының реттеушісі – AFSA лицензиясын алған цифрлық активтер биржаларында ғана сауда жасай алады. Криптобиржаларының тізімдері келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
- AFSA реттеуші құм алаңындағы (FinTech Lab) цифрлық активтер биржалары;
- Толық AFSA лицензиясы бар цифрлық активтер биржалар.
Қазақстан аумағында криптовалюта саудасы саласындағы негізгі нормативтік акт – «Цифрлық активтер туралы» ҚР Заңы. Бұл құжатта (1) криптовалюталарды қоса алғанда, қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер ұғымы, (2) АХҚО юрисдикциясынан тыс жерлерде ҚР-да криптовалюталарды шығаруға және айналымына тыйым салу және (3) АХҚО юрисдикциясынан тыс жерлерде ҚР-да криптовалюта саудасы жөніндегі алаңдардың қызметіне тыйым салу жазылған.
Басқаша айтқанда, азаматтардың криптовалюталарды заңды түрде саудалауға барлық мүмкіндіктері бар, бірақ тек АХҚО реттеушісінің лицензиясы бар криптобиржаларда. Бұл алаңдардан тыс сауда іс жүзінде мүмкін, бірақ заңды түрде тыйым салынған және теріс салдары болуы мүмкін.
Криптобиржалардағы P2P саудасы дегеніміз не және Қазақстанда мұндай сервистің көмегімен криптовалютаны саудалау заңды ма?
Peer-to-peer немесе биржалардағы P2P саудасы – пайдаланушылар делдалсыз басқа пайдаланушылардан тікелей фиат валютасына криптовалютаны сатып ала алатын және сата алатын платформалардағы сауда.
2024 жылдың наурыз айында AFSA «реттелетін P2P саудасы» режимін іске қосты және мұндай операцияларға арналған реттеуші талаптарды жариялады. Осылайша, AFSA талаптарына сәйкес, P2P операцияларына АХҚО-да лицензиясы бар криптобиржаларда ғана рұқсат етіледі (лицензия түрі: Operate a Digital Asset Trading Facility). Криптобиржа есеп айырысу аяқталғанға дейін цифрлық активті алдын ала депозитке салу және бұғаттау арқылы есеп айырысулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ орталықтандырылған фиат есеп айырысуға кепілдік береді немесе мәміленің фиат бөлігін салыстыруды қамтамасыз етеді.
АХҚО реттеуші құм алаңында «реттелген P2P саудасы» режимі іске қосылған және сынақтан өтуде. АХҚО-да лицензияланған криптобиржалар АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес реттеуші құм алаңы шеңберінде де, толық реттеуші режимге өткеннен кейін де P2P өнімдерін шығаруға құқылы.
Қазақстан заңнамасы криптовалюталарды қалай түсіндіреді және ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында қалай жұмыс істейді? Қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айырмашылығы неде?
Қазақстан мен АХҚО юрисдикцияларында криптовалюталардың құқықтық мәртебесі әртүрлі.
«Цифрлық активтер туралы» ҚР Заңында мұндай активтердің екі типі көрсетілген:
- Қамтамасыз етілгендер – биржада тіркелген және олардың иесінің ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда, кез келген материалдық активтерге, қызметтерге немесе зияткерлік меншікке құқықтарын куәландыратын цифрлық активтер. Мысалы, бұл шын мәнінде бар ресурстардың белгілі бір көлеміне (шикізат, жылжымайтын мүлік, тауарлар, қызметтер, өнер туындылары және т.б.) байланысты токендер болуы мүмкін.
- Қамтамасыз етілмегендер – бұл «блокчейнде консенсусты қолдауға қатысқаны үшін» сыйақы ретінде алынған және ешкімнің ақшалай міндеттемелерін білдірмейтін цифрлық активтер. Мұндай активтің айқын мысалы - майнинг нәтижесінде алынатын биткоин, яғни ол нақты қамтамасыз етілмеген.
Қамтамасыз етілген цифрлық активтер Қазақстанда Цифрлық даму министрлігінің қағидаларына сәйкес шығарылған жағдайда айналымға жіберіледі, ал ҚР-да қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына толығымен тыйым салынған.
АХҚО юрисдикциясында жағдай басқаша. Мұнда цифрлық активтерді, соның ішінде криптовалюталарды шығаруға және айналымына АХҚО актілерінің қолданылатын талаптарын ескере отырып, AFSA реттеушісі лицензиялаған цифрлық активтер провайдерлері қызметтерінің биржаларында және платформаларында рұқсат етілген.
Қазіргі уақытта белгілі бір криптовалюталардың – стэйблкоиндардың эмиссиясы заңнамалық түрде рұқсат етілген және регламенттелген. Бұл – құны фиат (тұрақты) валютаға немесе осындай валюталар себетіне байланған цифрлық активтер. Мысалы, бұл АҚШ долларына немесе жапон иеніне байланған криптовалюта болуы мүмкін.
АХҚО-да цифрлық активтердің кең ауқымымен реттеуші құм алаңы режимінде де (FinTech Lab), Орталықтың толық реттеуші режимі шеңберінде де сауда жасауға мүмкіндік берілген.
100-ден астам цифрлық активтерді құм алаңы шеңберінде саудалауға рұқсат етілген, олардың тізбесін Astana Financial Services Authority (AFSA) бекітеді және жариялайды. Мысалы, AFSA Notice No. AFSA-F-NB-2023-007 хабарламасын қараңыз. Бұл тізбе AFSA реттеушісінің қалауы бойынша кеңейтілуі және өзгертілуі мүмкін.
Толық реттеу режимі шеңберінде лицензияланған АХҚО криптобиржалары AFSA-ға хабарлама жібере отырып, АХҚО қағидаларына сәйкес өз алаңдарында сауда жасауға цифрлық активтерді дербес анықтайды және рұқсат етеді. Бұл криптобиржаларға нарықтағы өзгерістерге тез ден қоюға және AFSA реттеушісінің қадағалауымен айналымдағы цифрлық активтердің өнім желісін кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл цифрлық активтер қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың жоғары стандарттарының сақталуын және ашықтықты қамтамасыз етеді.
Қазақстанда қандай алаңдарда криптовалюта саудасына рұқсат етілген?
Заңды түрде Қазақстанда криптовалюталармен сауда жасауға AFSA реттеушісінің тиісті лицензиясы бар биржаларда ғана рұқсат етіледі.
Бүгінгі күні келесі криптобиржалар ресми лицензияланған:
- толық реттеуші режимде: BN KZ Technologies Limited (Binance Kazakhstan), Bybit Limited.
- реттеуші құм алаңы (FinTech Lab) режимінде: ATAIX Eurasia, CaspianEx, Delta DA, Biteeu Eurasia, BigOne Investment, Swiftex.io, Neyco и Whitebit.
Лицензияланған биржалардың толық тізімімен AFSA жария тізілімінде келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:
- AFSA реттеуші құм алаңындағы (FinTech Lab) цифрлық активтер биржалары;
- Толық AFSA лицензиясы бар цифрлық активтер биржалар.
Жоғарыда аталған провайдерлердің кейбірі қазірдің өзінде операциялық қызметтерін бастап, азаматтарға криптовалюталардың еркін саудасын, соның ішінде Binance және Bybit сияқты жаһандық бас алаңдары бар биржаларды ұсынады. Кейбір провайдерлер әлі де операциялық процестерді құру және коммерциялық банктермен интеграциялау процесінде.
Қазақстанда қандай алаңдарда криптовалютамен сауда жасауға болатынын, қайсысында болмайтынын қалай анықтауға болады?
Лицензияның бар-жоғын AFSA жария тізілімінен келесі сілтемелер арқылы тексеруге болады:
- AFSA реттеуші құм алаңындағы (FinTech Lab) цифрлық активтер биржалары;
- Толық AFSA лицензиясы бар цифрлық активтер биржалар.
Биржаның оператор-компаниясының атауына қарсы жақта «active» (яғни жарамды) лицензия мәртебесі, ал лицензия түрі – «Operating a Digital Asset Trading Facility» (цифрлық активтермен сауда жасау платформасын басқару) болуы керек. Бұл ретте, биржалардың өздері де сайттарында AFSA лицензиясы бар екенін міндетті түрде көрсетуі керек.
Егер биржаның сайтында лицензия болмаса және алаң AFSA жария тізілімінде болмаса, онда криптовалюталармен сауда жасауға кеңес бермейміз.
Неліктен Қазақстанда жаһандық криптобиржалардың алаңдары да, олардың жергілікті нұсқалары да қатар қолжетімді? Неліктен қазақстандықтардан басқа биржалардың барлығын бұғаттауға болмайды?
Шынында да, Binance немесе Bybit сияқты бірнеше жаһандық алаңдар қазірдің өзінде АХҚО-да тіркелген және мұнда криптовалюта саудасын ұйымдастыруға лицензиялары бар. Мысалы, Binance және Bybit өздерінің АХҚО-дағы лицензиялары шеңберінде қазақстандықтарға мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ веб-сайттарында сауда жасау мүмкіндігін ұсынады.
Қазақстан үшін жеке қосымша жоқ, ол аккаунттар деңгейінде бөлінеді – жаңа пайдаланушыны тіркеген кезде Binance Kazakhstan-ды бірден таңдауға болады, ал егер аккаунт жаһандық нұсқада бұрыннан бар болса, онда оны жаһандық алаңнан АХҚО алаңына «тасымалдауға» болады. Қазір қазақстандықтар үшін қазақстандық екінші деңгейлі банктер арқылы фиат валюталарын енгізуді және шығаруды, сауда-саттықты және конвертацияны қоса алғанда, ең маңызды функциялар қолжетімді.
AIFC криптобиржалары жаһандық веб-сайттардың қазақстандық нұсқаларын жасауға міндеттеме алды. Осылайша, Bybit криптобиржасының жергілікті веб-сайты қазірдің өзінде жасалған - https://www.bybit.kz/ ; Binance KZ жергілікті домен бойынша жұмыс жасауда, ал әзірге Қазақстанның клиенттеріне арналған арнайы бөлімді пайдалануға болады - https://www.binance.com/kk-KZ .
Жергілікті платформаларға көшудің өтпелі кезеңінде жаһандық және жергілікті алаңдарға қолжетімділік келесі себептерге байланысты сақталады:
1) функционалы: жергілікті криптобиржалар алаңдары өз өнімдері мен қызметтерінің тізбесін біртіндеп кеңейтуде, бірақ олар әлі де жаҺандық нарықтардың қолданыстағы функцияларын толығымен қамтымайды. Тұтынушыларды жергілікті нарықтың толық емес функционалы бар цифрлық қызметтермен ғана жасанды түрде шектеу Қазақстандағы цифрлық активтер экожүйесінің дамуы мен өсуіне теріс әсер етеді және реттелетін периметрден тыс «көлеңкелі мәмілелердің» дамуына ықпал етеді, сондықтан 2026 жылдың соңына дейін өтпелі кезең қарастырылған;
2) клиенттерді оқшаулау процесі: бұл қазақстандық клиенттерді жаһандық алаңдардан жергілікті алаңдарға көшіру. Отандық криптобиржаларда сәтті оқшаулау процесі тек фиат арналарының тиімді жұмысы, екінші деңгейлі банктердің белсенді қолдауы, қызметтер мен өнімдердің толыққанды желісін ұсыну, нарыққа бастапқы кіру үшін ауыр талаптарды алып тастау, реттеудегі, оның ішінде цифрлық активтермен операциялардан түсетін табысқа салық салудағы болжамдылық кезінде ғана мүмкін болады. Реттеуші органдар мен лицензияланған криптобиржалар қазақстандық пайдаланушыларды платформалардың жергілікті нұсқаларына көшіру жұмыстарын жүргізуде. Дегенмен, бұл процесс уақытты, сонымен қатар пайдаланушылардың ерікті келісімін қажет етеді, бұл, өз кезегінде, нарықтың барлық қатысушыларының кешенді тәсілі мен әрекеттерін үйлестіруді қажет етеді. Сондықтан 2026 жылдың соңына дейін өтпелі кезең қарастырылған.
Жергілікті алаңдар дамыған сайын олар қазақстандықтар үшін криптовалюта саудасы тұрғысында басымдыққа ие болады деп күтілуде.
МАҢЫЗДЫ! Қазақстандағы құқық қолдану тәжірибесі криптовалюта саудасы тек қана жаһандық платформалардың өнімдері мен қызметтері ҚР аумағында техникалық түрде қолжетімді болуы мүмкін болса да, жаһандық биржалардың лицензияланған жергілікті алаңдарында ғана толығымен заңды түрде жүзеге асырылуы мүмкін екенін ескеріңіз. Лицензияланған жергілікті алаңдарда мәміле жасау арқылы сіз заңсыз операциялар жасаудың заңды тәуекелдерін азайтасыз және цифрлық активтерге инвестицияңызды едәуір қауіпсіз етесіз. Сондықтан сауда алаңын мұқият таңдау, оның АХҚО-дағы лицензиялық мәртебесін тексеру және криптовалюталарды сатып алу үшін лицензиясы жоқ делдалдардың қызметтерін пайдаланбау маңызды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен AFSA-ның Қазақстандағы криптонарықты реттеудегі рөлі қандай? Реттеуші қандай өкілеттіктерге ие?
AFSA-ның криптореттеудегі негізгі міндеті – цифрлық активтердің қауіпсіз саудасы үшін реттелетін ортаны құру. Ол үшін реттеуші нормативтік актілер әзірлейді және компанияларға криптобиржалар құруға, цифрлық активтерді шығаруға, оларды сақтауға және айналымға шығаруға лицензия береді. AFSA лицензияланған цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің жария тізілімін жүргізеді және олардың қызметін қадағалайды. AFSA цифрлық актив қызметтерін тұтынушылардың шағымдарын қарайды және олардың мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. AFSA ҚР уәкілетті мемлекеттік органдарымен – Қаржы мониторингі агенттігімен, Цифрлық даму министрлігімен және Мәдениет және ақпарат министрлігімен және цифрлық активтерді реттеу және майнинг саласындағы шет елдердің уәкілетті мемлекеттік органдарымен тығыз ынтымақтастық жасай отырып, санкциялар мен басқа да ден қою шараларын қолдану үшін анықталған бұзушылықтар және лицензиясыз сауда алаңдары туралы ақпаратпен алмасады.
Сондай-ақ, AFSA халықтың қаржылық сауаттылығын арттырумен айналысады және цифрлық активтер қызметтері саласындағы қолданыстағы реттеуші режим және лицензияланбаған платформаларды пайдалану тәуекелдері туралы қалың жұртшылықты хабардар етеді.
АХҚО юрисдикциясында криптовалюталарға инвестициялау бойынша коучтардың/тәлімгерлердің/кеңесшілердің қызметі реттеле ме?
АХҚО юрисдикциясында цифрлық активтердің саудасы саласында кеңес беру реттеледі. Бұл АХҚО-дағы инвестициялардың барлық түрлері, соның ішінде цифрлық активтерге инвестициялар бойынша кеңестер беруге жатады. Ақылы негізде консультациялық қызметті жүзеге асыру және инвестициялық кеңес беру үшін «инвестициялар бойынша кеңес беру» (Advising on Investments) лицензиясын алу қажет.
Заңды тұлғалар, ҚР резиденттері, олар АХҚО талаптарына сәйкес майнерлер, майнингтік пулдар немесе Кәсіби клиенттер ретінде жіктелген жағдайда ғана лицензияланған криптобиржалардың клиенттері бола алады.