Қазақстандағы киік саны 1,9 млн асты

Фото: © iStock
Фото: © iStock
24.05.2023 02:34
935
2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа артты, яғни 45,3%-ға, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны 1,13 млн дарақ, Бетпақдала – 745 300, Үстірт – 39 700.
Естеріңізге сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді.
Аталмыш жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қызылордада Сеул университетінің филиалы ашылады
Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді