Жаңалықтар

Қазақстандағы футболды дамыту жоспары талқыланды

Қазақстандағы футболды дамыту жоспары талқыланды
Фото: ҚФФ 17.07.2024 02:35 651
2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалы қарсаңында ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов УЕФА президенті Александр Чеферинмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Берлинде (Германия) өткен кездесуде ҚФФ президенті УЕФА мен ҚФФ бірлескен жобаларының жұмысы жайлы айтып, сондай-ақ Қазақстандағы футболды дамыту бойынша жоспар мен Қазақстанда УЕФА Конгресін өткізу мүмкіндігін қарастыру мәселесін талқылады. 

Чеферин бұл бастамаларға қолдауын білдіріп, ортақ мақсатқа жету үшін серіктестіктің маңызы жоғары екенін атап өтті. Бұған қоса, бірлескен жобалар аясында атқарылып жатқан жұмыс және UEFA Assist пен UEFA Academy бағдарламаларына, балалар мен жасөспірімдер футболы мен инфрақұрылымды дамыту бойынша бағдарламаларға жоғары баға берді.

Қазақстан футбол федерациясы әлемдік футбол қауымдастығында өз позициясын белсенді түрде нығайтуды жалғастырып келеді. ҚФФ мен УЕФА футболды дамытуға бағытталған сындарлы және ашық қарым-қатынасты қолдайды.

Айта кетейік, УЕФА Қазақстан футбол федерациясының басшысына қатысты тергеу бастағаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға