Қазақстандағы ең нашар жолдар қай өңірде? Министрдің жауабы
Фото: t.me/KZgovernment
Фото: t.me/KZgovernment
11.06.2024 19:15
552
Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы ең нашар жолдардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, Қазақстандағы ең жаман жолдар Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында кездеседі.
Осыған байланысты біз биыл Батыс Қазақстанға басқа өңірлерге қарағанда көбірек қаржы бөліп отырмыз. Биылғы жылдың дерегі бойынша, Батыс Қазақстанда жолдардың нашарлығы 36 пайызды құрайды. Биыл басты жолдардың құрылысы бітеді. Соны қосқанда, өңірде 52 пайыз жақсы және қанағаттанарлық жол болып саналады. Ал өңірдегі жаман жол 48 пайызды құрап отыр, - дейді Қарабаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы биыл аяқталады
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты