Жаңалықтар

Қазақстандағы экомәдени жұмыстың қорытындысы жарияланды

Қазақстандағы экомәдени жұмыстың қорытындысы жарияланды
Фото: iStock 21.01.2025 11:20 131

Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева экомәдениет саласындағы нәтижелер туралы айтып берді. Оның айтуынша, жұмыс – ақпараттық, ұйымдастырушылық және экологиялық бақылау бағытында ұйымдастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 90 мыңнан астам эковолонтер тарихи-мәдени нысандарды тазартуға бағытталған «Киелі мекен» бастамасын қоса алғанда, 15 мың іс-шараға қатысты, оның шеңберінде 717 ескерткіш орын қайта жаңартылды. Экобақылау саласында 3 мың адамды қамтыған 300 нысанға қоғамдық мониторинг жүргізілді. 600 қоғамдық ұйым, экоблогерлер мен еріктілер тазарту және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысты.

Аида Балаева атап өткендей, «Таза Қазақстан» жәй ғана қоғамдық акция емес, бүгінде тұтас ұлттың жүйелі идеологиялық ұстанымы болуы керек. Бұл туралы Президент «Ana tili» басылымына берген сұхбатында тоқталып, экологиялық тазалықтың еліміз үшін ең жоғары құндылық ретіндегі маңызын атап көрсетті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға