Жаңалықтар

Қазақстандағы азық-түлік бағасы Барселонадан да қымбат – отандық спортшы

Қазақстандағы азық-түлік бағасы Барселонадан да қымбат – отандық спортшы
Фото: instagram.com/g_nakipova 02.08.2023 21:09 732

Испанияда тұратын джиу-джитсу шебері Гүлжан Нақыпова Қазақстандағы азық-түлік бағасын көріп шошыған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жөнінде ол инстаграмдағы парақшасында жазды.

Қазақстанға оралған сайын бағаның шарықтап жатқанын байқаймын. Қазір ол Барселонамен теңесті. Тіпті кейбір тауар құны асып түседі, - дейді спортшы.

Одан қалды спортшы қыз баға мен сапаның бір-біріне сай келмейтінін алға тартты.

Гүлжан Нақыпованы көпшілік спортшы ретінде біледі, бірақ ол соңғы жылдары білім саласымен айналысып жүр. Өзі де Барселонада маркетинг мамандығы бойынша оқыған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға