Жаңалықтар

Қазақстанда жыныс ауыстыруға тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда жыныс ауыстыруға тыйым салу ұсынылды
Фото: Жаслан Жұмабеков 26.02.2025 14:25 120

Депутат Магеррам Магеррамов Қазақстанда жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Магеррам Магеррамов ұлттық құндылықтарды қорғау аясында жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды. Оның айтуынша, еліміздің бай тарихы мен ата-бабаларымыз сақтап келген мәдени және дәстүрлі құндылықтар жыныстық сәйкестілік бұзылыстары бар адамдар үшін жыныс ауыстырудың қолайлылығы туралы сұрақты күн тәртібіне қояды.

Қазіргі уақытта ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, 21 жасқа толған және психикалық әрі мінез-құлықтық бұзылыстары жоқ адамдарға жыныс ауыстыруға рұқсат етіледі.

Депутат Магеррамовтың айтуынша, «жыныстық сәйкестілік бұзылыстары бар адам» ұғымы белгілі бір ауытқушылықтың болуын білдіреді. Физикалық ауытқулардың болмауын ескере отырып, психикалық немесе мінез-құлықтық ерекшеліктердің бар екені анық. Сондықтан гормондық және хирургиялық араласулардың сау денеге жасалуы ақталмайды.

Мұндай медициналық араласулардың рұқсат етілуі ұлттық мәдениетке жат идеялармен басқарылатын жекелеген тұлғалардың шекараларын кеңейтуге ықпал етеді, - деді ол.

Магеррам Магеррамов бастаған партия өкілдері заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін жыныс ауыстыруға уақытша тыйым салуды талап етті. Бұл бастама дәстүрлі құндылықтарды сақтау және қоғамда ұлттық мәдениетке жат идеялардың таралуына жол бермеу мақсатында көтерілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға