Жаңалықтар

«Қазақстанда жер сатылады»: ҚР СІМ өкілі Қытай сайттарындағы жарнамаға қатысты түсініктеме берді

«Қазақстанда жер сатылады»: ҚР СІМ өкілі Қытай сайттарындағы жарнамаға қатысты түсініктеме берді
Фото: ҚР СІМ 29.05.2023 17:31 954

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытай сайттарындағы «Қазақстанда жер сатылады» деген жалған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік бұл мәліметке қатысты ҚХР СІМ өкілдерімен және Қазақстандағы Қытай елшілігімен бірігіп жұмыс жүргізген.

Бұл сайт жұмыс істейді, біздегі OLX сайты секілді кез келген адам жарнама сала алады. Көрсетілген нөмірге хабарластық, бірақ ол өшірулі. Бұл жалған ақпарат, яғни арандату үшін жасалған болуы мүмкін. Азаматтарымызды мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырамыз. Өздеріңіз білетіндей, Ауыл шаруашылығы министрлігі сол күні-ақ жердің сатылмайтынын да, жалға да берілмейтінін айтып мәлімдеме жасады. Сондықтан уайымдауға негіз жоқ, - деді Смадияров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға