Қазақстанда жер байлығын игеретін 14 компания лицензиясынан айырылды

Шығыс Қазақстан облысында жер қойнауын пайдаланушы 14 компания өз міндеттемелерін орындамағаны үшін лицензиядан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жер қойнауын пайдаланушы 177 компания жұмыс істейді.
Оның ішінде 21-і пайдалы қазбаларды игерумен, 66-сы барлау жұмыстарымен айналысады. Әрбір кәсіпорынмен жасасқан келісімшарттар бойынша олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және инфрақұрылымының жақсаруына жыл сайын қаржылай аударымдар жасауға міндеттемелері белгіленген. Өткен жыл бойынша 80 жер қойнауын пайдаланушы 34,5 млн теңге аударады деп күтілуде, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, өз міндеттемелерін орындамаған компанияларға тиісті шаралар қолданылуда. Атап айтқанда, бүгінде 14 компания жұмыс істеуге қажетті лизензиядан айырылып отыр. Оның ішінде 4-і барлау жұмыстарымен, 10-ы пайдалы қазбаларды игерумен айналысады.
