Жаңалықтар

Қазақстанда жайылымдық жерлерді қалпына келтіру жобасы басталды

Қазақстанда жайылымдық жерлерді қалпына келтіру жобасы басталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.01.2025 12:12 358

Ақтөбе облысында жайылымдық жерлердің өнімділігін қалпына келтіруге бағытталған семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара аясында фермерлер мен жергілікті атқарушы органдар өкілдері жердің тозу себептері, оны қалпына келтіру жолдары және ГАЖ технологияларын пайдалану бойынша тәжірибе алмасты.

Жобаны іске асыру 2024-2027 жылдарға жоспарланған. Ол жердің деградациясын тоқтатып, климаттық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба аясында жайылымдық жүктеме картасы әзірленіп, жерді басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды.

Жоба Ақтөбе облысының Әйтеке би, Мұғалжар аудандарында, сондай-ақ Алматы облысының Балқаш ауданында пилоттық режимде іске асырылып келеді. Ол Қазақстанның нысаналы ландшафттарында тұрақты басқару әдістерін енгізу және ағымдағы тозу процестерін тұрақтандыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы секторындағы көміртекті алу жобаларына инвестицияларды экономикалық бағалау арқылы жердің өнімділігін қалпына келтіруге бағытталатын болады.

Тұсаукесер барысында жоба менеджері Аида Табелинова семинар қатысушыларына жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері, жол картасы туралы айтып берді. Сондай-ақ ол 2016-2023 жылдар аралығындағы кезеңде жердің тозуын және олардың өнімділігінің өзгеруін бағалаудың қашықтықтан жасалған мониторингінің нәтижесін мәлімдеді.

Жоба менеджері Аида Табелинованың айтуынша, жердің тозу себептерін анықтау үшін табиғи-климаттық көрсеткіштердің динамикасына алдын ала талдау жүргізіліп, жобалық аумақтардың фермерлік қожалықтары базасында жайылымдық жүктеме картасы жасалған. Соның нәтижесінде жер деградациясының жоғары дәрежесінің себептері және  жұртшылықтың қатысуымен жайылымдарды басқару жоспарларын құрудағы жүйелі тәсілдің маңыздылығы айқындалған.  

Жобаның негізгі элементі -гендерлік аспектіні ескере отырып, БҰҰ ФАО фермерлік далалық мектептерінің қағидаттары негізінде Жобаның білім беру бағдарламасын іске асыру.  

Фермерлік далалық мектеп үйлестірушісі Талғат Кертешев атап өткендей, жерді ландшафттық жоспарлау әдістері табиғи ресурстарды кешенді басқаруға мүмкіндік береді. Ақтөбе облысы әкімдігі бұл бастаманы қолдап, өңірде фермерлік мектептерді енгізуге дайын екендігін білдірді.

Еске сала кетейік, Қазақстан БҰҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі мен климаттың өзгеруі бойынша пилоттық жобасына қатысушы елдердің бірі. Бұған дейін Қазақстан ФАО-ның Азық-түлік қауіпсіздігі және климаттың өзгеруі жөніндегі пилоттық жобасына қатысты. Еліміз осы жобаны іске асыру үшін БҰҰ таңдаған 5 елдің қатарына кірді.

«Қазақстанда жайылымдық жерлерді қалпына келтірудің климаттық тұрақтылығын қамтамасыз етудің агроорман мелиорациясы» атты семинар тақырыбы Ақтөбе облысы әкімдігінің мамандарын қызықтырды. Олар өңірде «Фермерлік мектептерді» енгізуге дайын екендіктерін білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға