Қазақстанда "Жастар апталығы" басталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
08.08.2023 06:26
1196
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі 12 тамызда аталып өтетін Халықаралық Жастар күні қарсаңында "Жастар апталығының" басталғанын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, 7-12 тамыз аралығында республика өңірлерінің барлық алаңдарында қайырымдылық, волонтёрлік және экологиялық акциялар, бос орындар жәрмеңкелері, түрлі фестивальдар, жастарға арналған концерттер мен семинарлар өтеді.
Апта Қазақстанның әр өңірінде "12 игі іс" қайырымдылық акциясымен басталады. Бұл күндері жас еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері қарттар үйлеріне, балалар үйлеріне барады; экологиялық акциялар өткізеді және мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
eGov mobile қосымшасынан 27 цифрлық құжат алуға болады
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты