Қазақстанда жасалған қатерлі ісікке қарсы препарат сынақтан сәтті өтті

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
02.12.2024 11:06
1321
Қазақстандық ғалымдар әзірлеген қатерлі ісікке қарсы препарат сынақтың екі бастапқы кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, NU биология профессоры Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы препаратты әзірлеу барысы туралы айтты. Дәрі-дәрмекті бірінші рет қабылдағаннан кейін он бес онкологиялық науқастың жағдайы тұрақтанды, олардың алтауында ісіктің өсуі тоқтады, ал біреуінде ол тіпті 30%-ға азайды. Қазіргі уақытта дәрігерлер препаратта уыттылықтың жоғы расталғаннан кейін оның дозасын арттырды.
Біз қатерлі ісікке қарсы аппаратты 2022-2023 жылдары сынай бастадық, рұқсат құжаттарын алдық. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші кезеңдерін өткіздік. Қазір біз жоғары дозаны алуға қол жеткіздік. Сынақтар Қазақ онкология және радиология институтында өтуде. Біз глюкозаны сіңіретін рак клеткаларын жоямыз. Халықаралық патентіміз бар. Бақылау тобында болған 5 пациенттің жағдайын тұрақтандыруға әсер етті. Ісік өскен жоқ, бір науқаста ісік 30%-ға азайды. Істі соңына дейін жеткізіп, 2-3 жыл ішінде жобаны аяқтауымыз керек, — деді Дос Сарбасов.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қырғызстанда мектепте телефон қолдануға тыйым салынбақ
Келесі жаңалық
«Барыс» осымен 47-рет жеңіліс тапты