Жаңалықтар

Қазақстанда жарты жылда қанша жұп некелесті

Қазақстанда жарты жылда қанша жұп некелесті
Фото: © Pixabay.com 11.08.2023 09:04 937

Биылғы алты ай ішінде елімізде 53,8 мың неке тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Некелесу коэффиценті 1000 адамға шаққанда 5,46 құрады. Сондай-ақ осы кезеңде 8,1 мың некен бұзылды (АХАЖ деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімін есепке алмағанда). Ажырасу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 0,83 құрады.

Ал ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 5,8%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша республиканың 3 облысында: Астана (16 044 адам), Алматы (15 611 адам) және Шымкент (1 049 адам) қалаларында халық көші-қонының оң айырымы қалыптасты.

2023 жылғы қаңтар-маусым республикаға келгендер саны 13652 адамды, елден кеткендер саны 6996 адамды құрады. Көші-қон сальдосы 6656 адамды құрады.

2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 56,7%-ға азайды.

Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі – 89,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі – 75,4%.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға