Қазақстанда жаңа саяси партия тіркелді
Бұл ақпаратты Әділет министрлігі ресми растады
Фото: facebook.com/amirtayazamatkhan
Фото: facebook.com/amirtayazamatkhan
30.11.2022 14:18
2865
«Байтақ» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы аталған саяси ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Әділетті Қазақстанға сенімді қадам - «Байтақ» жаңа партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы тарапынан көппартиялы жүйе құру тапсырмасы болды. Айтылды - орындалды! Әділетті Қазақстанның алғашқы партиясы - нағыз халықтың қолдауымен, қоршаған орта жанашырларының басын қосқан, азаматтық белсенділердің бастамасымен құрылған «Байтақ» партиясы», - деп жазды Азаматхан Әміртай.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Екібастұзда жағдай тұрақталды
Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді