Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа норма бойынша кімдердің несиесі есептен шығарылады

Қазақстанда жаңа норма бойынша кімдердің несиесі есептен шығарылады
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 09.09.2024 13:18 456

Қыркүйектен бастап банктер заңсыз ресімделген барлық несиелерді есептен шығаруға міндетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді жаңа несиелерден ерікті түрде бас тартқан азаматтар да осы санатқа ілігеді. Әр қазақстандық жаңадан несие алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш бере алады. Егер өтініш қабылданса, ешбір банк немесе микроқаржы ұйымы оған жаңа несие бере алмайды.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, егер кредитор тыйым салынған кезде несие берсе, ол азаматтан оны төлеуді талап етуге құқығы жоқ. Заң 1 қыркүйектен бастап күшіне енді. Сонымен қатар банк қателікті анықтағаннан кейін үш күн ішінде несиені есептен шығаруы керек. Бұдан кейін олар қарызды өндіре алмайды, талап-арыз жаза алмайды. Әрі заңсыз несие туралы ақпаратты алып тастап, клиенттің несие тарихын түзетуі қажет.

Заң бойынша банктер екі санаттағы азаматтардың несиелерін есептен шығаруға міндетті: Несиелерден ерікті түрде бас тартқан тұлғалар;

 2024 жылы 1 000 АЕК немесе 3 692 000 теңгеден асатын несие рәсімдеуге жұбайының келісімі болмаған тұлғалар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға